Университетімізге қош келдіңіздер!
Бүгін академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген студенттер үшін таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты — университеттің инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін таныстыру ғана емес, сондай-ақ студенттерді Стоматология мектебінің ерекше атмосферасына енгізу.
Экскурсия барысында қонақтар оқу аудиторияларын, зертханаларды, кітапхананы және студенттерге арналған кеңістікті аралап көрді. Сонымен қатар белсенді студенттер мен студенттік деканмен кездесу өткізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.
Біз басқа қалалардан келген студенттерді қуана қарсы аламыз және бұл тәжірибе олар үшін жарқын әрі пайдалы болатынына сенеміз!
Берекелі оқу жылы мен ұмытылмас әсерлер тілейміз!







