«Тұңғыш Президент күні» мемлекеттік мерекесіне орай Стоматология факультетінің 1-курс студенттері мен информатика модулі тьюторлары А.Ш.Баракова., Ш.Е. Жусипбекова., А.А. Андаспаеваның ұйымдастыруымен №5 жатақханада кеш өткізілді.
1 желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Былтыр ел Парламенті Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына байланысты осындай шешім қабылдаған болатын. Егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жұрттың 98,78% дауысын жинады. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, бостан заманға қатысты тағы басқа игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады. Соған байланысты тұңғыш президент күніне кеш өткізілді. Кештің мақсаты – Елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдау, жастардың бойында бұл іс-шараларының мәнінің зор екендігін дәріптеу, президент жүргізіп отырған саясат, бағдарлама, реформаларды ҚазҰМУ жастарының қолдайтындығын паш ету. Кеште Жалпы медицина факультетінің 002-2, 013-1 және стоматология факультетінің 1-курс студенттері ат салысты. Президент жайлы слайдтар дайындалып, өлең оқылып, ән мен күй тартылды. Кеште «Балалық шағымның аспаны» атты киноны тамашаладық.