Халықаралық студенттік стоматология олимпиадасы «Білімді тәжірибеде қолдану»

2025 жылдың 16 қазанында Ташкент мемлекеттік медицина университетінде
Өзбекстандағы Қазақстан медицинасы күндері аясында
«Білімді тәжірибеде қолдану» атты Халықаралық студенттік стоматологиялық олимпиада өтті.

Шара Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші медициналық университеттерінің стоматология факультеттерінің студенттерін біріктірді. Олимпиаданың мақсаты — болашақ стоматолог дәрігерлердің кәсіби дағдыларын дамыту, тәжірибе алмасу және аймақтағы білім беру және ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Олимпиада барысында қатысушылар терапиялық стоматология, балалар жасындағы стоматология сияқты бағыттар бойынша теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын көрсетті. Қатысушылар теориялық тапсырмаларды орындап, клиникалық симуляцияларға және практикалық дағдыларды көрсетуге қатысты.