«Дәрігер-стоматологтың көмекшісі» өндірістік тәжірибесі 051302-«Стоматология» мамандығы бойынша «Хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы» пәні бойынша амбулаториялық және ауруханалық жағдайлардағы міндетті тәжірибелік шараларды иегеруге дәрігерлерді дайындау үшін қойылатын мемлекеттік талаптарды орындауға бағытталған.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты: «Хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы» пәні бойынша тәжірибелік іс-шаралар мен білімді жүйелеу.
Тәжірибенің мақсаттары:
- дәрігер хирург-стоматологтың жұмысында қолданылатын стоматологиялық материалдар мен медикаменттер жайлы студенттердің білім деңгейін тереңдету;
- дәрігер-стоматологтың тікелей жұмысындағы іс шараларды үйрету ( «төрт қолмен» жүйелі жұмыс істеу);
- стоматологиялық бөлмеде санитарлық ағарту жұмысын жүргізіді үйрету ;
- науқастарға кеңес беруді және олармен сұқбаттасуды үйрету;
Тәжірибе өтудің ақырғы нәтижесі: «дәрігер-стоматолог хирургтың көмекшісінің» тәжірибелік шараларын үйрену.
Өндірістік тәжірибені өтудің
- Университет студенттері үшін кәсіптік тәжірибе процессінің негізгі бөлігі болып саналады, үйреніп жатқан мамандықтың теориялық білімін және машықтықты бекіту мақсатында қызмет етеді.
- Студент тәжірибе басталмай тұрып модульден алу қажет.
а) тәжірибенің жоспарын;
б) курстық жұмыстың жеке тапсырмаларын;
в) кәсіптік тәжірибенің күнделігі.
- Тәжірибеге жақсы дайындалу мақсатында студент алдағы жасайтын жұмыс жоспарын білуі мәндеттә және мазмұнын ұсынылған, анықтама әдебиеттерді жинап және ізденуі керек, модульдегі тәжірибені басқарушыдан қажетті консультация алу керек.
- Өндірістік тәжірибенің күнделігін студент өзі толтырады. Күнделікті орындаған жұмыс жайында жазылып, және тәжірибені басқарушының қолы қойылады. Тәжірибе соңында студент өзі орындаған жұмыс жайында мінездемені базалық мекеменің басқарушысынан алуға міндетті.
- Күнделікте келесі сұрақтар айқындалады:
а) тәжірибе өтетін базадағы тәртіп және тәжірибені өту мерзімі жайында жалпы мағлұмат
б) Тәжірибе бағдарламасындағы орындалған жұмыстың қысқаша түсініктемесі
в) жеке тапсырманың мазмұнын хабарлау, оның орындалуының сараптамасы, тәріжірибе барысында туындаған қиындықтар
- Тәжірибе біткеннен кейін студент өткізу керек:
а) күнделік
б) өндірістік тәжірибенің есебі
в) тәжірибе басқармасының мінездемесі
- Тәжірибе біткеннен кейін студенттер дифференциялдық сынақты тапсырады.
«Дәрігер хирург-стоматологтың көмекшісі» өндірістік тәжірибесінің өту кезінде студенттің игеруге тиісті тәжірибелік шараларының жобалық тізімі.
1. Медициналық құжаттарды толтыру.
2. Науқастарды тексеріп, анамнез жинау.
3. Кафедра және бөлім меңгерушісінің, профессорлардың, тексерулеріне, консилиумдарға, кеңестік тексерулерге қатысу.
4. Бөлімшеде кезекшілік жасау.
5. Қабылдау бөлімінде жұмыс істеу.
6. Салауаттық өмір салтын құруға бағытталған шараларды жүргізу.
7. Жараны алғашқы өңдеу және тігу, таңу кезінде көмектесу.
8. Жақ сүйектерінің сынықтарын бекіту шараларында көмектесу (уақытша, тұрақты)
9. Бактериалогиялық себуге материалды алу. Материалды цитологияға алу.
10.Жергілікті жансыздандырудың барлық түрін жасай білу. (инфильтрациялық және өткізгіштік).
11. Тіс жұлу операциясына қатысу.
12. Периостотомияға қатысу.
13. Альвеолиттің емдеуіне қатысу.
14. Абсцесстер мен флегмоналарды ашуға қатысу.
Стоматология факультетінің 4 курс студенттерінің «дәрігер-стоматолог хирургтің ассистенті» өндірістік тәжірибесін өту уақытындағы жеке жұмыс жоспары
№ | Жұмыс түрі | жоспар | орындалды |
1 | Медициналық құжаттарды толтыру. | 12 |
|
2 | Анамнез жинау және науқасты қарап тексеру. | 12 |
|
3 | Модуль жетекшісінің немесе бөлім меңгерушісінің, профессорлардың, консилиумдарға, кеңестік қарап тексерулерге қатысу. | 2 |
|
4 | Бөлімшелердегі түнгі кезекшілік. | 2 |
|
5 | Қабылдау бөліміндегі жқмыстар. | 2 |
|
6 | Салауатты өмір сүруді құрастыруға бағытталған шараларға қатысу. | 1 |
|
7 | Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу кезінде және таңба қою кезінде дәрігерге көмектесу. | 2 |
|