19.11.2012 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң жыл сайынғы дәстүрге айналған «Тілдер фестивалінің» ашылуы болып өтті.Фестивальдің тұсау кесерін «Concordia» театрнда Стоматология факультеті ашып берді.Бұл фестивальдің маңызы көп ұлтты қазақ елінің өзге ұлттармен қарым -қатынасын,татулығын,бейбіт саясатын насихаттау.
Стоматология факультетінің белсенді де талантты студенттерінің ұйымдастыруымен өткен бұл кеш өте жоғары деңгейде өтті.
Фестивальға келер болсақ, концерттік бағдарлама алдымен қазақтың ұлттық биімен басталды.Мың бұралған биші қыздарымыз көрермендерге шашу шашып,кешті ашып берді.
1 курс студенттері қазақтың ұлы ақындарының өлеңдерін әсерлі етіп оқып, көрермендерді бір тебірентті.
Әрмен қарай әр ұлт өкілдерінің биінен құралған «Папурри» биімен жалғасты. Әр ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында жиналып бірліктің белгісін танытты.
Стоматология факультеті студенттерінің коммуникативтік дағдысына байланысты көрініс қойылды. Көріністің мақсаты :дәрігер -стоматолог әрқашан науқастың тілінде сөйлей білу керек және де науқасты барынша жоғары деңгейде тексеріп, ем жасау керектігі жайлы бағдар беру.
Қызықты көріністен кейін 2 курс студенті, талантты әншіміз Бөріхан Ерболаттың «Аппағым» және «Ұмыта алмаймын» әнімен жалғасты.
1 курс студенттері Ермек Динара мен Сатыбалды Жадыраның «Бір шаңырақ астындағы тату ел» атты слайдшоу да көрерменнің назарына ұсынылды.
Қазақтың ұлт – аспаптарынан құралған студенттік оркестрдің сүйемелдеуімен Бөріхан Ерболат «Бір келіншек» әнін орындады.
1986 жылдың 16 желтоқсанында болған қанды оқиғаның үзіндісін көрсеткен студенттеріміз көрермендердің көңілінен шықты.Көрініс барысында Қайрат Рысқұлбековты өлім жазасына кескендегі анасының зар -мұңы көрсетілді. Көрермендер көріністен үлкен әсер алып,көздеріне жас алды.
Концерттің соңында стоматология факультетінің 1 курс студенттері Балқан Ақылбек пен Муллаташев Шерзодтың «Өз елім » әні шырқалды.
Фестивальдың соңында стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы мен стоматология институтының директоры Сауле Серикқызы өз ойларын айтып, алғысын білдірді.
Фестивальды қорытындылай келе әділ -қазылар ыстық лебіздерін білдіріп, ең үздік деп танылған номерлерді фестивальдың гала концертіне жіберді.
Фестивальдың жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосқан стоматология факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алмагүл Сайпудинқызына және ең белсенді 1 , 2курс студенттеріне алғыс білдіреміз.
Стоматология факультетінің ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара