С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Студенттік үкіметінің төрағасын сайлауы болып өтті

 

14.11.2014 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетінің студенттік үкіметінің басшысын сайлау болып өтті.Сайлауға стоматология факультетінің 4 курс студенті Бөріхан Ерболат, фармация факультетінен 3 курс студенті Орынбек Айсұлу және Медико-профилактикалық іс факультетінен 4 курс студенті Мүслімхан Арнур үміткерлік етті. Әр факультеттен сайлауға 50 студент дауыс беруші ретінде қатысты.Сайлау барысында үш үміткер өз бағдарламаларын студенттер назарына ұсынып,дауыс берушілердің сұрақтарына жауап берді.Сайлауда жалпы 168 бюллетень қатысты.Сайлау нәтижесі бойынша айқын басымдылықпен 112 дауыс жинап Бөріхан Ерболат университеттің студенттік үкіметінің төрағасы болып қайта сайланды.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара