Спорт – денсаулық, есірткі – жауыздық.

30 қараша 2018 жылы сағат 15.00-да «АҚ ҰМУ» №1 жатақханасында «Спорт – денсаулық, есірткі – жауыздық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

  1. Студенттердің спортқа деген көзқарастарын дамыта келе, ағзаның дұрыс қалыптасуына бейімдеу.
  2. Салауатты өмір салтын сақтауды үйрету.
  3. Есірткінің ағзаға зиян екенін түсіндіру.

Аталған іс-шараға барлық мектептерден 40 студент қатыстырылды.

Оқытушылар мен студенттер спорттың денсаулыққа пайдалы екенін және есірткінің зияндығының көп екенін айта келе, осы тақырыптарда сұрақ-жауап, әңгімелер өрбітілді.

Жауапты оқытушылар: аға оқытушы Джакипбаева Р.А., аға оқытушы Камбарова А.Ж., аға оқытушы Атагулова Г.Д.