Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулінде тәлімгерлік топтармен белсенді түрде тәрбиелік жұмыстары жүргізіледі. Модульдің әр бір оқытушысында, стоматологиялық факультетінің бір топтың студенттері бекітілген, олармен әлеуметтік тәрбиесін дамыту, әр түрлі тақырыптарда әңгіме өткізіліп, қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар студенттердің сабақ үлгерімдері, сессияны тапсыру жұмыстары қадағаланып отырады.
Жатақханаларда, Студенттік қалашықты жақсарту жөніндегі шаралар, бөлмелердегі, дәліздегі, тұрмыстық бөлмедегі тәртіпті реттеуге бағытталған шаралар, жатақханадағы кезекшіліктер, СӨС (АИВ-ЖИТС, «Нашақорлыққа жоқ!», «Туберкулез туралы не білесің») насихаттау шаралары жүргізіледі.