С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры, профессор А.А. Ақановтың бұйрығына сәйкес (№ 3685, 2013ж. 16 қыркүйек) стоматология бойынша интернатура кафедрасы ұйымдастырылды. Медицина ғылымының докторы профессор Жартыбаев Рахмет Нокейұлы кафедраның меңгерушісі болып бекітілді. 04.09.2017 ж медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепов Асылбек Абдірәсілұлы кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Кафедрада стоматология саласының білікті мамандары жұмыс жасайды: 2- медицина ғылымдарының докторы, профессор; 1- медицина ғылымдарының кандидаты, профессор; 6- медицина ғылымдарының кандидаты; 2- ассистент-магистр, 1-ассистент.
Біздің мақсатымыз: білікті, бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындау.
Кафедраның ғылыми тақырыбы: «ҚР жалпы соматикалық аурулары бар ересек және балалар қауымына стоматологиялық емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру және көрсету. Қазақстанның этникалық топтары мен тұрғылықты халқының негізгі стоматологиялық ауруларға генетикалық бейімділігін зерттеу». Кафедра Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп ғылыми техникалық бағдарлама бойынша стоматология саласының өзекті сұрақтары бойынша тығыз жұмыс жасауда. Білім беру үрдісінің интернационализациясы мақсатымен М.Ф. Владимирский атындағы Мәскеу облыстық ғылыми-зерттеу клиникалық институтымен академиялық мобильділік, ғылыми зерттеу, бірлесіп басылымға шығару сұрақтары бойынша серіктестік қарым – қатынас құрылды.
Кафедра қызметкерлері дәрігер-интерндермен бірлесіп тәжірибелік денсаулық сақтау саласына өздерінің улестерін қосты, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына емдік-алдын алу көмегін көрсетті. Кеңес беру көмегін ҚР барлық аумағында алдыңғы қатарлы профессорлар мен доценттер жүргізеді. Кафедраның 4 қызметкері «Денсаулық сақтау үздігі» сыйлықтарының иегерлері.
Әлеуметтік бағдарлама бойынша Алматы қаласының №1 және №2 балалар үйінің , «Жануя» мектеп -интернатының психосоматикалық патологиясы бар балаларына, параолимпийялық қозғалысына стоматологиялық сауықтыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Сауықтыру іс-шаралары М.Оспанов атындағы және «Жакия» қоғамдық қорының қолдауымен жүргізіледі. Кафедра қызметкерлері «Өмір бойына жарқын күлкі» ұлттық бағдарламасының іске асуына белсенді қатысты.