8 желтоқсан 2017 жылы, сағат 10.00-да ҚазҰМУ спорттық кешенінде «Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: 1.Студенттерді жаман әдеттен сақтануға үйрету. 2. Маскүнемдік пен нашақорлықтың ағзаға тигізетін кері әсерін түсіндіру. 3. Студенттерді салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шараға жалпы медицина мектебінің студенттері, фармация мектебінің студенттері, стоматология мектебінің студенттері, Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері қатысты.
Жалпы қатысқан студенттер саны – 40 студент.
Жауапты оқытушылар: аға оқытушы Джакипбаева Р.А., аға оқытушы Камбарова А.Ж.