Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Адамзатқа мейірім мен жылулық сыйлайтын, өмірге көрік пен мән беретін нәзік жандыларға арналған бұл ерекше мереке – көктемнің ең жарқын әрі жүрекке жылы күндерінің бірі. Осы айтулы күнге орай Стоматология мектебінде мерекелік құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Стоматология мектебінің ерлер қауымы аяулы ұстаздар мен қызметкерлерді, сондай-ақ студент қыздарды көктемнің көркем мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Шараны ұйымдастыруға Стоматология мектебінің әкімшілігі, ерлер қауымы және Студенттік деканат белсенді түрде ат салысып, мерекелік көңіл күй мен ерекше жылылық сыйлады. Барша аруларға зор денсаулық, шексіз бақыт, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және әрдайым көктемдей құлпырып, жарқырап жүрулеріңізді тілейміз! Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз қоғамымызды көркейтіп, болашаққа сеніммен қарауға күш береді. Мерекелеріңіз құтты болсын!











