12.03.2014 күні нөмірі 9-шы аудиторияда Алматы қаласының Діни істері жөніндегі басқармасының Әкімшілік талдау бөлімінің басшысы Тәжібаев Жасұлан Бәкірұлы,ректор көмекшісі Нургазинова Светлана Жакуповна және әлеуметтік тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың бастығы Султанова Макпал Табылдиновна стоматология факультетінің 1,2 курс студенттерімен қазіргі таңдағы қоғамның өзекті мәселесіне айналған діни экстремизмге байланысты кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге арнайы «Адасқандар» бейнефильмі көрсетілді.Кездесу соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,толық әрі нақты жауап алды.Бұл іс шарадан студенттердің рухани азық алғаны сөзсіз.Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз.
Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара