«Жаһандық және аймақтық деңгейдегі халықтың орналасуының өзекті мәселелері»
Қазан айының 17-шы жұлдызында АҚШ, Аризон Университетінің профессоры Доки Виктор Агаджанян мырзаның қатысуымен Қазақстан тарихы және әлуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы «Жаһандық және аймақтық деңгейдегі халықтың орналасуының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Бұл жиында «фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультетінің 1-ші курс, 1-2 топ студенттері, нақтырақ айтсақ, Маликов Бақытжан Үсенұлы жетекшілігімен Альмурзаева Альмира «Народонаселение и проблемы демографии» баяндамасымен шықты. Шугаева Балғын Сламқұлқызы жетекшілігімен Джанадилова Ләззат. «Қазақстанның экономикалық дамуы және демографиясы» баяндамасымен шықты. Алдубашева Жанар Мусапарқызы жетекшілігімен Эскерова Амина «Устойчивое демографическое развитие как фактор стабильности Казахсатана» баяндамасын қорғады. Дөңгелек үстелге визитинг — профессор Доки Виктор Агаджанян АҚШ – нан келип отырғандықтан, оның үстіне біздің университетімізде үштілділік саясаты жүргізілетіндіктен баяндамалар тек ана тілімізде ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде де қорғалынды.
Кеш қонақтары кафедра меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының кандидаты Зейнегүл Ұбайдайқызы Бисенбаева мен профессор Доки Виктор Агаджанян студенттер көрсеткен дүниеге ризашылығын білдіріп, ізгі тілек-ниеттерін айтты.