С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Стоматология мектебінің 2026 жылғы түлектеріне диплом табыстау рәсімі
2026 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Стоматология мектебін 324 түлек сәтті аяқтады. Олардың ішінде 4 түлек үздік үлгідегі («қызыл») дипломға, ал 8 түлек «Үздік түлек – 2026» атағына ие болды. Биылғы түлектер қатарында 30-дан астам халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, 60-тан астам студенттік ғылыми үйірмелердің белсенді мүшелері мен жас зерттеушілері, сондай-ақ 30-дан астам спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне кандидаттар бар. Диплом табыстау рәсімі – түлектердің көп жылғы еңбегі мен табандылығының нәтижесін айқындайтын маңызды мереке. Университет ұжымы жас мамандарға кәсіби қызметтерінде табыс, биік жетістіктер, мықты денсаулық және жарқын болашақ тілейді. […]

