С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Білім күні өтті.

Салтанатты жиыннан кейін 1 курс студенттеріне арналған Стоматология мектебінің деканы С. С. Есембаеваның, Стоматология мектебінің құрылымдық бөлім басшыларының, университеттің құрылымдық бөлім басшыларының, кафедра меңгерушілерінің және студенттік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында 1 курс студенттерін академиялық саясатпен, университеттің ішкі тәртіп ережелерімен және білім алушыларға қойылатын негізгі талаптармен таныстыру жұмыстары жүргізілді.