С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Стоматология мектебінің ортопедиялық стоматология кафедрасында АҚШ-тан келген визитинг-профессор Али З. Саид (Ali Z. Syed) дәріс оқуда.
Бағдарлама аясында профессор-оқытушылар құрамы, резиденттер мен студенттер ортопедиялық стоматология саласындағы заманауи жетістіктер мен инновациялық әдістерге арналған интерактивті дәрістерге қатысуда.
Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген Қырғызстандағы С. Тентишев атындағы Азия халықаралық университетінің 3-курс студенттері өткізілген шеберлік сабақтарына белсенді қатысуда.
Білім беру қызметімен қатар профессор Али З. Саид университет клиникасына жүгінген пациенттерге кеңес беруде. Стоматология мектебінің оқытушылары мен дәрігер-стоматологтарымен бірлесіп күрделі клиникалық жағдайлар талқыланып, халықаралық тәжірибе алмасу жүзеге асырылуда. Бұл болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.








