31.11.2012 күні Стоматология институтының директоры Есентаева Сәуле Серікқызы мен стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлының басшылығымен студенттік деканат мүшелерімен Ұзынағаш ауылының Қарасу мектебіне қайырымдылық іс шарасын жүргізіп қайтты. Бұл іс-шараның мақсаты мектеп оқушыларына , яғни жас жеткіншектерімізге тіс профилактикасын , әр түрлі тіс ауруларымен таныстыру және алдын алу шараларын үйрету.
Іс-шараға стоматология институтының басшылығы ,балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы модулі оқытушылары, студенттік деканаттың құрамы, және де жоғары курс студенттері белсенді қатысты.
Аталған іс — шара барысында алдымен жоғары курс студенттері өздерінің профилактикалық жұмысын жүргізді.Олар оқушылардың ауыз қуысын тексеріп ,әр түрлі пайдалы ақпараттармен, және әр түрлі кеңестерімен бөлісті,соңынан жас бүлдіршіндермен ойын ойнатылды.
Ары қарай студенттік деканаттың ұйымдастырылуымен болған концерттік бағдарлама жалғасын тапты.Алдымен университетіміздің Алтын дауысы атанған, университет және факультет мақтанышы Месов Олжас өзінің өнерін паш етті.Әрмен қарай университетіміздің белсенді студенті, әрі әншісі Бөріхан Ерболат және Балқан Ақылбек, Галимова Айман мен Галимова Шолпан ортаға шығып, көңілді ән салып, оқушыларды билетіп жіберді.
Сонымен қатар, университетіміздің күйшісі, мақтанышымыз Көбеков Сағындықта өз өнерін ортаға салды.Мың бұралған биші қыздарымыз би билеп,концерт ажарын аша түсті.
Мектеп директоры мен ұстаздар өз алғыстарын білдіріп жатты. Оқушылардыңда мол ақпарат алып, көңілдері бір серпіп қалғаны сөзсіз.Сөз соңында айтарымыз бұндай іс- шаралар біздің факультетіміз үшін дәстүрге айналып отыр.
Мақаланы дайындаған Стоматология факультетінің Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара