Ғылым ордасы
30.10.15 күні «Стоматология» факультетінің СТ15-001 топ студенттері мен тьютор Алмабаева Н.М. «Ғылым ордасына» барды. Онда орналасқан төрт мұражайға экскурсия жасады.
- Археологиялық мұражай;
- Сирек кездесетін кітаптар мұражайы;
- Қазақстан ғылымының тарихи мұражайы;
- Табиғат мұражайы.
Әр мұражайда қойылған мұрахаттар мен тарихи ескерткіштер көптеп саналады. Әр тарихи жәдігердің сол заман туралы сыр шертетін өзіндік тарихы (әдет-ғұрпы, салт санасы, бейнесі және т.б.) мен сипаты туралы мұражай қызметкерлері кеңінен таныстырып, түсіндірді. Студенттер үлкен әсер алды. Мұражай қызметкерлеріне көп алғыс білдіреміз.