С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің терапиялық стоматология кафедрасының оқытушылары м.ғ.к., ассистенттері Садыкова Г.М., Манғытаева Б.Б., Омарова Б.А.. ұйымдастыруымен 2016жылдың 4- сәуір күні сағат 12.00-де Даңқ залында Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің аға-ғылыми қызметкері, ұстаз-Ризабек Батталұлы, ҚМДМ-ның Алматы қаласы бойынша Жастар ісі өкілі-Ержан Базарбекұлы, Нұр Отан партиясы, Жас Отан жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы- Байзаханов Аслан Әділханұлы, Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының Алмалы ауданы бойынша аумақтық бөлім басшысы- Рита Маратқызы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ің академиялық қызмет департамент директоры, п.ғ.к.,доценті-Абирова Мейрамгул Айтбайқызы, Студенттердің әлеуметтәк-мәдени құзіреттілігін дамыту департаментінің директоры-Шыңғысбаев Лескен Сейдіғалымұлы, стоматология факультетінің деканының орынбасары-Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызының қатысуымен «Ұлтаралық келісім және діни экстримизмнің алдын алу» тақырыбына факультет деңгейінде кездесу өткізді. Оған Стоматология Институтының оқытушыларымен қоса 2-5 курс студентттері қатысты.
Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің аға-ғылыми қызметкері, ұстаз-Ризабек Батталұлы «Адамның рухтан және тәннен тұратындығын ,сол тәнді емдейтін медицина қызметкерлері екендігін, ал рухани күйзелісті тек дін емдейді. Дінді рухани дағдарысқа түскен адамның жан дүниесін реттеу үшін қолдану керек. Дәстүрлі Исламның негізгі қағидаларын ұстана білсеңіз онда сіз айналаңызда болып жатқан өзгерістерге дұрыс талдау жасай алар едіңіз және кез келген ағымға қосылып кетпейсіз» –деген пікір айтты.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ің академиялық қызмет департамент директоры, п.ғ.к.,доценті-Абирова Мейрамгул Айтбайқызы: «Жастарды Отан сүйгіштікке, өз жанұясын, ата-анасын силауды, қоғамдық жерде өзін-өзі ұстауды, тәрбиелеуге үйрететін салт-дәстүрімізді насихаттай білуіміз керек» — деді.
ҚМДМ-ның Алматы қаласы бойынша Жастар ісі өкілі-Ержан Базарбекұлы — Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс істеп жатқандықтарын мәлімдеді.
Студенттердің әлеуметтәк-мәдени құзіреттілігін дамыту департаментінің директоры-Шыңғысбаев Лескен Сейдіғалымұлы- Университетіміздің Ректоры айтқандай біздің ең бірінші мақсатымыз ұлтына, жынысына, дініне қарамай халыққа қызмет ету. Біздің негізгі мақсатымыз сіздерді исламға шақыру емес, сіздерді патриотизмге тәрбиелеу, білімді маман дайындау-деп өз ойын айтты
Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан ел ішінде бейбітшілік, тыныштық, амандық, тәртіп бұзушылық болмай тек көркейе берейік деп тарқастық.
Садыкова Г.М. Мангытаева Б.Б., Омарова Б.А.