«Терапиялық стоматология» модулі Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің ректоры профессор А.А.Ақановтың бұйрығы негізінде (02.08.2011 жыл.№32) ҚазҰМУ-ң терапиялық стоматология кафедрасының базасында ұйымдастырылды.
Модуль жетекшісі болып Л.Я.Зазулевская тағайындалды.
Бүгінде модуль құрамында 11 қызметкер,оның ішінде екі профессор,медицина ғылымдарының докторы,екі доцент,үш медицина ғылымдарының кандидаты және үш ассистент , жоғарғы білімі бар аға лаборант еңбек етеді.Жаңа оқыту әдістерін қолдану мақсатында ғылыми тәжірибенің жоғары жетістіктеріне негізделген дамушы ғылыми мектепті,оқу үрдісінің ұйымында кредиттік-модульді жүйе бойынша жоғары тәжірибелі мамандарды дайындау-міне осы маңызды мәселелерді орындау үшін,еңбекке қабілетті шығырмашылық ғылыми – ұстаздар ұжымы құрылды.
Модулдің мәселелеріне кіреді:
- Оқыту сапасын жақсарту,
- ОӘКП қайта өңдеу;
- Халықаралық стандартқа сай,терапиялық стоматология бойынша оқытудың жаңа әдістерін құрастыруға қатысу;
- Тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге интерактивтік оқыту әдістерін,қазіргі заман білім технологияларын кеңінен қолдану;
- «Терапиялық стоматологияның білімгері» деген конкурстар,олимпиадалар,викториналар ұйымдастыру;
- Оқыту жүйесін шынайы талап ететін тәжірибелік денсаулық сақтауға және қоғамға барынша жақындастыру;
- Шын және стандартты науқастарда ,фантомды блокта тәжірибелік дағдыларды үйрету,ауру тарихына рецензиялауды жүргізу,күрделі науқастарды талдауға кеңінен тәжірибе жинақтау;
- ОПҚ –ң оқытушылық және ғылыми деңгейін көтеру;
- Инновациялық оқытушылық технология бойынша мамандық жетілдірудің қысқа бағдарламаларына қатысу;
- Халықаралық бірлестіктерге қатысу,халықаралық білім кеңістігіне ену;
- Халықаралық зерттеу жобаларын орындап, құрастырылуына қатысу;
- Алыс және жақын шетелдік білім бағдарламасы бойынша халықаралық конференцияларға қатысу;
- Ғылыми зерттеулердің сапасын нәтижелілігін көтеру;
- ОПҚ-ң ғылыми белсенділігін көтеру;
- Ғылыми бағдарламалар-гранттар арқылы зерттеу нәтижесін көтеру;
- Зерттеу нәтижелерін халықаралық танымал баспалар,журналдарға жариялау.
«Терапиялық стоматология» модулі өз іс-жұмыстарын студенттерді оқытудың ұйымдық-әдістемелік тәсілдерімен,зерттеу және жаңа әдістерді енгізумен,кредиттік-модульді білім жүйесі бойынша оқу үрдісін модернизациялаумен ұштастырады.