Сізді шын жүректен 85 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймыз!
Сіздің көпжылдық еңбегіңіз, жоғары кәсібилігіңіз медицина және стоматология саласының дамуына үлес қосты.
Сіз – талай жылдар бойы клиникалық анатомия және хирургия кафедрасын, стоматология факультетінің деканатында 17 жыл жұмыс істеп 2005-2008 жылдар арасында стоматология факультеті декан қызметін абыроймен басқарған, мыңдаған студенттерге білім мен тәрбие берген ұлағатты ұстазсыз. Сіздің еңбекқорлығыңыз, талапшылдығыңыз бен студенттерге деген шынайы қамқорлығыңыз әріптестер мен шәкірттеріңіздің зор құрметіне ие.
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, жақындарыңыздың ыстық ықыласы мен құрметін тілейміз. Өмір жолыңыз әрдайым мақтанышқа толы болып, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!


