Мен өмірді сүйемін

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың жолдауының «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» басымдық бағыты және тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Мен өмірді сүйемін» тақырыбындағы сайысты Биофизика курсының проф. Адибаев Б.М., доц.Байдуллаева Г.Е. және аға оқыт.Алмабаева Н.М. ұйымдастырды.

Күн тәртібінде «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы презентациясын СТ17-002 топ студенті Садыкова А. қорғады. Сайысқа 5 қабырға газет, 15 эссе және бумалар (буклеттер) қатысты, студенттер өздерінің өлеңдерін ортаға салды, викториналық сұрақтар дайындалды. Кіріспе сөзді аға куратор Алмабаева Н.М. сөйледі.

Сайыстың қорытындысын әділ қазылар алқасы номинациялар бойынша шығарды:

  • «Ең үздік қабырға газеті» – «Салауат» тобы (СТ17-001 топ студ.) III дәрежелі дипломмен;
  • «эссе» бойынша СТ17-001 топ студенті Тыныштыққызы Г. I дәрежелі дипломмен;
  • бумалар (буклеттер) бойынша СТ17-001 топ студенті Ахсанова О. II дәрежелі дипломмен;
  • сайысқа қатысқан ерекше студенттер сертификаттармен марапатталды.

Викторинаға қатысқан белсенді студенттер естелік сыйлықтарға ие болды.