Алматы қаласының балаларына практикалық ортодонтиялық көмек көрсету (1965)жылдан басталады. Осы кезеңдерде алғашқы рет қалалық және облыстық емханаларда ортодонтиялық кабинеттер ұйымдастырылды (Алматы, Жамбыл, Целиноград, Орал, Семипалатинск, Өскемен және т.б). Ортодонтиялық қызметке кадрлармен қамтамассыз ету қызу қолға алынды. Были опубликованы учебные материалы, тестовые задания и конспекты лекций, что позволило повысить качество образования.
Келесі кезеңде кадрларды дайындау, оларға консультация жүргізу,емдеу-әдістемелік және ғылыми көмек көрсетудің орталығы болып Республикалық стоматологиялық емхананың базасында орналасқан Алматы мемлекеттік медицина институтының ортопедиялық стоматология кафедрасы үлкен жұмыс жүргізді. Қысқа мерзім ішінде кафедрада клиникалық ординатура арқылы 5дәрігер-ортодонт дайындалады. Бұдан басқа жұмыс орнында Қазақстанның әртүрлі облыстарынан келген 33 дәрігер –стоматолог ортодонтия бойынша біліктілігін көтергені мәлім.
Алматы қаласының балаларына ортодонтиялық көмек көрсету үшін Республикалық стоматологиялық емханада 1968 жылы ортодонтиялық кабинет ұйымдастырылды. Осындай ортодонтиялық кабинет қалалық балалар стоматологиялық емханада 1971 жылы құрылады.
1977 жылы Қазақ КСР-ы Денсаулық сақтау министрлігінің №163 бұйрығымен республикада бірінші рет балалар жасындағы стоматология кафедрасы ұйымдастырылады. Кафедраны құрушылар қатарына, сол кезеңде істеген доцент Ж.Н.Жумаділләев (меңгеруші), доцент В.М.Чапала, медицина ғылымдарының кандидаттары Т.К.Супиев, Ә.Ә.Қабылбеков, Х.С.Мергембаева, Е.С.Сламов кіреді.
Алғашқы күндерден бастап кафедра қызметкерлері оқу үрдісін ұйымдастыру мен ғылыми мәселелерді зерттеуге белсенділік көрсетеді.
1988 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д профессор Т.Қ.Супиев басқарады.
1990-91 оқу жылы құрамында ортодонтия курсы бар стоматологиялық аурулардың алдын алу кафедрасы ұйымдастырылды, оған меңгеруші .ғ.д.,профессор Ж.Н.Жұмаділләев тағайындалды.Осындай объективті өзгерістерге қарамай ортодонтия модулінің (курсының) оқытушы-профессорлар қауымы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттемелік, тәлім-тәрбиелік жұмыстарды баянды атқарып келді. Оқу-әдістемелік жұмысқа байланысты студенттер мен оқытушы ға арналған нұсқамалар жыл сайын өңделіп, толықтырылып тұрды. Оқу құралдары, тест тапсырмалары, дәрістер жинағы баспадан шығып, оқу сапасын көтеруге мүмкіндік берді.
Емдеу-диагностикалық жұмыс бойынша асс. С.Қ.Шарипова 10 АХЖ-ға (аурулардың халықаралық жіктемесіне) сәйкес «Макродентия» және «Жоғарғы жақ сүйектің ретрогнатиясы» бойынша емдеу хаттамасының стандартын жасады.
Ортодонтия курс болып қалыптасқаннан бері ғылыми-зерттемелік жұмыстарбелсенді түрде жүргізіле бастады. Отандық ортопедиялық стоматологияға көп үлес қосқан профессор Г.Т. Сухарев 1953 жылдың өзінде кандидаттық ғылыми жұмысы «Ортодонтиялық аппараттардың әсерінен тіс және тіс қасындағы тіндердің қайта құру» тақырыбына арналды.
Қазақстандық ғалым, ортодонтия саласы бойынша алғашқылардың бірі болып басында кандидатық (1971), кейін докторлық диссертация қорғаған (1997) Ә.Д. Мәмековтың еңбегі зор. Ғылыми еңбектерінің тақырыптарыда өзекті. Мысалы, «Жеткілікті орын болмағандықтан жеке тістердің орналасу аномалиялары кезінде тіс қатары мен пародонттың өзгеруін және оларды емдеу» кандидаттық тақырыпқа арналса, докторлық диссертация «Тіс қатарының ақауы мен деформациялары қалыптасқан жеке тістердің орналасу аномалияларына диагноз қою, ортодонтиялық емдеу ерекшеліктері» деп аталады. Соңғы жылдары жастар да ғылыми жұмысты жалғастырып кандидаттық диссертация қорғай бастады. Оған дәлел А.Т.Уатаеваның «Брекет-жүйені қолданып балалармен жасөспірімдердің тіс-жақ сүйек аномалияларын ортодонтиялық әдіспен емдеудің ерекшеліктері» атты ғылыми еңбегі (2003).
Ортодонтияның теориясы мен практикасының дамуына үлес қосқан тәжірибелі педагогтар білім мен ғылымды үйлестіре білді. Солардың бәрі – ассистент Д.А.Альпатина. оның ғылыми бағыттарына балалар мен жасөспірімдердің тіс-жақсүйек аномалияларын жасына қарай кешенді емдеу, қалқанша безінің эндемиялық ошағындағы мектепке дейінгі балалардың тіс- жақсүйек аномалияларының жиілігін зерттеу жатады. Ассистент С.Қ.Шарипова әрі озық педагог, әрі өнертапқыштар қатарына жататын шығармышылық таланты жоғары өте білімді әріптес. Мысалы, 1986 жылы Полтава қаласында өткен 1 – Бүкілодақтық ортодонттардың конференциясында баяндама жасауының өзі не тұрады. Жоғары санатты дәрігер 2001 жылы 1-Бүкіләлемдік ортодонттардың конгресіне қатысты (Сеул). Оннан астам емдеу әдісті оңтайландыруға алған ұсыныс пен өнертапқыштыққа берілген 2 авторлық күәліктің авторы «Өнертапқыш өрені» төсбелгісінің иегері. Сол сияқты ассистент Г.Т.Досбердиева ортодонтия саласы дами беру үшін қажырлы еңбек етіп келеді. Осы пәннің талай тарауларын мемлекеттік тілге аударып, білімпаздық танытуда. Ғылыми жұмыстың бағыты «Балалар мен ересек адамдардың тіс-жақ сүйектік аномалияларын ортопедиялық және ортодонтиялық әдістермен емдеу» деп аталады. Ортодонтия курсында басқа кафедраларға қарағанда ең көп шет елдерден арнайы заманауи ортодонтия мамандығына қызығушылық білдірген Иордания, Индия, Туркия, Палестина, Иран және т.б. елдердің азаматтары клиникалық ординатураны оқып, кәсіби маман болып отыр. Олармен халықаралық байланыс үзілмей, өздерінің алғыстарын, ризашылығын әліге дейін білдіруде.
Модульдің шығармашылық мүмкіндіктері көп. Оған мәселен ассистент
А.С.Рүзденованың «Жасөспірімдердің жоғарғы жақ сүйегіндегі алдыңғы тістердің ретенциясына диагноз қою» және М.М.Дурумбетованың «Стоматология факультетіндегі студенттер арасында тіс-жақ сүйек аномалияларының таралуы» тақырыптарын жатқызуға болады.
Ортодонтияның қалыптасу барысы, яғни кезеңдері туралы сөз болғанда доцент Ш.З.Лұқпанованың еңбегін атап өту ұжым қызметкерлерінің әлеуетін, ішкі мүмкіндіктерін көрсетеді. Мысалы, ортодонтиялық практикада өздігінен
лигерленетін брекет жүйесін қолдану, мойын омыртқасының оссификациясына қарай қаңқалық жасты анықтау тәрізді тақырыптаріздену бағытының өзектілігін айқындайды. Оның үстіне ұйымдастырушылық қабілет танытып 2011 – 2012 жылы ортодонтия жеке модуль болып тұрғанда ұжымның жетекшісі болды.
2012 – жыл ортодонтия модулі балалар жасындағы стоматология
пропедевтика модулімен бірігіп, тағы да жеке модуль болып номенклатураға
енді. Алғаш доц. Ш.З.Лұқпанова, доц.Ж.И.Рысбаева жетекші болса, кейін
2012 жылдың қараша айынан бастап м.ғ.к., доцент Р.И.Құлманбетов модуль
жетекшілігіне тағайындалды, 2024 жылдан ортодонтия кафедрасының меңгерушісі.
Стоматологияның ерекше бір саласы-ортодонтия өзінің қалыптасу кезеңдерінде ғылыми-зерттемелік, оқу-әдістемелік бағытын жоғалтпай денсаулық сақтау жүйесіне заманауи дәрігер-ортодонттарды дайындауға үзбей ат салысып келеді. Отандық ғалымдардың жетістіктерін практикалық стоматология мен медициналық оқу орындарында жүзеге асыру-науқастарды емдеудің тиімділігі мен студенттерге сабақ берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ортодонтия кафедрасында Қазақстан Республикасындағы үздік ортодонт дәрігерлер жұмыс істейді және тоғыз клиникалық бөлімшелері бар:
- «DarisTTE» ЖШС клиникасы , Төлебаев көшесі, 8.
- «Интерсити» клиникасы, Бөгенбай батыр көшесі, 263а.
- «Апостол Дент» клиникасы, Навои көшесі, 208/1.
- «Шепетова» ЖШС клиникасы, «Шұғыла» шағын ауданы, 340/35.
- «Queens Co» ЖШС клиникасы Қазыбек би, көш. 139.
- «Life stom» ЖШС клиникасы Шолохова, көш. 8.
- «Benefakta» ЖШС клиникасы Сәтбаев көшесі, 11.
- «Elina Veksler Dental Clinic» ЖШС клиникасы , Әуезова, көш. 48
- «Балауыз» ЖШС клиникасы, көш. Жамбыл, 117.
Импакт-факторы 4 болатын шетелдік рецензияланған журналдарда жарияланған мақалалар
ҚР БҒМ КӨКСОН журналдарында жарияланған мақалалар – 14
Басқа журналдарда және ғылыми оқиғалар материалдарының жинақтарында жарияланған мақалалар – 14
Ғылыми оқиғалар материалдарының жинақтарында және басқа журналдарда жарияланған тезистер – 3.
Қызметкерлердің ғылыми іс-шараларға қатысуы – бүгінгі күнге дейін 32 ауызша баяндама жасады.
2025 жылғы 27 қараша

