Кафедра тарихы

Ортопедиялық стоматология кафедрасы Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 1962 жылғы 20 мамырдағы № 203 бұйрығы негізінде өз жұмысын бастады. Кафедраны басқару міндеті Алматы қаласының бас стоматологы, 1-қалалық стоматологиялық емхананың бас дәрігері, Ленинград стоматология институтын бітіргеннен кейін Алматыға келген Рашида Сабирқызы Усмановаға жүктелді.

1963 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне Ташкент медицина институтынан келген доцент Георгий Тимофеевич Сухарев тағайындалды. Барлық оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары Г.Т. Сухаревтің мол тәжірибесінің арқасында жүзеге асырылды. Ол Қазақстандағы ортопедиялық стоматология мен ортодонтияның оқу, ғылыми және клиникалық мектебінің негізін қалаушы болып табылады.

1975 жылдан бастап кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы болып доцент Анатолий Андреевич Седунов (1989 жылдан – профессор) тағайындалды. 1989 жылы ҚазММУ ректорының 1989 жылғы 11 шілдедегі № 214 бұйрығымен «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы» атты екінші кафедра ұйымдастырылып, оның меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Р. Рузуддинов тағайындалды.

1992 жылдан бастап бұл кафедралар «Ортопедиялық стоматология № 1» және «Ортопедиялық стоматология № 2» кафедралары болып қайта аталды (1992 жылғы 18 қыркүйектегі № 223 бұйрық). 2001 жылы «Ортопедиялық стоматология № 1» кафедрасының меңгерушісі қызметіне 2001–2004 жж. аралығына медицина ғылымдарының докторы Қ.Д. Алтынбеков тағайындалды. 2003 жылы «Ортопедиялық стоматология № 1» және «Ортопедиялық стоматология № 2» кафедралары біріктірілгеннен кейін ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі болып профессор С.Р. Рузуддинов тағайындалды.

ҚазҰМУ ректорының 2011 жылғы 12 шілдедегі № 1323 бұйрығына сәйкес кафедра модульдік құрылымға өзгертілді: Ортопедиялық стоматология модулі – модуль жетекшісі медицина ғылымдарының докторы Қ.Д. Алтынбеков және Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулі – модуль жетекшісі медицина ғылымдарының кандидаты А.А. Есіркепов.

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры, профессор А.А. Ақановтың бұйрығына сәйкес ортопедиялық стоматология және ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модульдерін біріктіру жолымен ортопедиялық стоматология кафедрасы қайтадан құрылды. Кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы Кубейсін Дүйсенбаевич Алтынбеков тағайындалды (2015 жылғы 4 ақпандағы № 542 бұйрық).

Кафедраның ғылыми тақырыбы: «Отандық өндірістегі инновациялық технологиялар мен стоматологиялық материалдарды әзірлеу және енгізу». Профессорлық-оқытушылық құрам Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі желісі бойынша ғылыми-техникалық бағдарлама аясында «Тіс қатарларының әртүрлі ақауларын диагностикалаудың және ортопедиялық емдеудің инновациялық әдістері» тақырыбы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Кафедра қызметкерлері Швеция, Түркия, Германия, Словения, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан сияқты жақын және алыс шетел елдерінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып келеді. Жыл сайын ортопедиялық стоматология саласындағы өзекті мәселелер бойынша инновациялық технологияларды қолдана отырып мастер-кластар өткізіледі. Кафедра қызметкерлері «Stomet-1kz» және «Stomet-2kz» стоматологиялық қорытпаларын әзірледі.

Оқу үдерісіне және практикалық денсаулық сақтау ісіне енгізуге арналған 6 акт бар, 5 инновациялық патент алынды, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу құралдары жарық көрді.

«Тіс қатарларының әртүрлі ақауларын диагностикалаудың және ортопедиялық емдеудің инновациялық әдістері» атты ғылыми-техникалық бағдарлама аясында және «Ядролық физика институты» ҒЗИ, «НЦЗ ЛЛО», “Privatclinica” зертханасы, «Целсим» ЖШС қызметкерлерімен бірлесе отырып, алғаш рет ортопедиялық стоматология үшін медициналық мақсаттағы стоматологиялық материалдар – «Stomet-1kz» және «Stomet-2kz» қорытпалары әзірленді. Әзірленген қорытпалар клиникаға дейінгі апробациядан сәтті өтті, қазіргі уақытта стоматологиялық мекемелер жағдайында олардың пайдалану қасиеттері бойынша әрі қарай зерттеулер жүргізілуде.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттермен бірге Алматы қаласының тұрғындарына стоматологиялық көмек көрсетуге қомақты үлес қосуда: жетекші профессорлар, доценттер мен ассистенттер консультативтік қабылдау жүргізіп, ортопедиялық стоматологиялық көмек көрсетеді. Кафедра жақ-бет аймағының ақаулары бар пациенттерге де ортопедиялық стоматологиялық көмек көрсетеді.