07.12.2012 күні «Молекулалық биология және генетика» кафедрасының оқытушысы Мөлдір Жақыпжанқызы Стоматология факультетінің 1 курс, 12-002-02 тобымен бірге «Молекулалықгенетикалық зерттеу әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ интерактивті жүйеде ,рольдік ойын түрінде,өте жоғары деңгейде өтті. Алдымен Мөлдір Жақыпжанқызы интерактивті тақта арқылы сабақ барысын түсіндірді.Әрмен қарай студенттер өздерінің дайындығын рольдік жүйеде,атап айтсақ әр студент бір-бір ғалым болып,ашқан жаңалықтарын түсіндіріп,қорғап шықты.Сабаққа кафедра мұғалімдері қатысты.
Сабақ барысында тақырып бойынша барлық сұрақтар талқыланды.Студенттер тақырыпқа байланысты әр түрлі көрнекіліктер дайындап,көрініс көрсетіп,видеоролик түсіріп,слайдшоу арқылы тақырыпты аша түсті. Тақырып өте күрделі болды,бірақ студенттер барынша тырысып,жақсы атсалысты. Келген қонақтар өз ойларын білдіріп,жақсы әсер алып,тарқасты. Мөлдір Жақыпжанқызының ұйымдастыруымен өткен сабақ студенттер үшін де өте қызықты өтті.
Осындай ашық сабақтар жиі өткізіліп тұрса дей отырып,Мөлдір Жақыпжанқызына алғысымызды білдіреміз!!!
Стоматология факультетінің Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара