«Н.НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨРМЕСІ

 

Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

Рухани мәдени тәрбие мақсатында стоматология факультетінің 1,2 студенттері кураторларымен (биофизика курсымен информатика кафедрасы) бірге қаланың Орталық мұражайына барды. «Н.Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» көрмесін тамашалады.

Көрмеде: Көшбасшы жолы; Әлем таныған көшбасшы; Н.Ә.Назарбаев еңбектері; Тұлға феномені; Қасиетті құрандар жинағы; Елбасы мәртебесі –ел мәртебесі; «Естелік қолтаңба» тақырыптық кітаптар жинағы. Студенттер мұражайға барып үлкен рухани әсер және өздеріне тарихи мұралардан көп ақпараттар алды.