«Әртүрлі тіс қатары ақауларының диагностикасы мен ортопедиялық емінің инновациялық әдістері»
Ортопедиялық стоматология модулінде м.ғ.д., профессор Алтынбеков К.Д. жетекшілігімен « Әртүрлі тіс қатары ақауларының диагностикасы мен ортопедиялық емінің инновациялық әдістері » тақырыбындағы ҒТБ жұмысы жүргізілуде.
Бұл ҒТП-ның мақсаты ортопедиялық стоматологияда қолданылатын жаңа конструкциялық материалдарды ойлап табу болып табылады.
Жұмыстың барысында отандық материалдарды шетелдік аналогтармен салыстыру мақсатында экспериментальді-клиникалық зерттеулер жүргізілді. Алынған зерттеу нәтижелері статистикалық сараптамадан өткізілді.
Ойлап табылған металл қорытпаларының биосәйкестілігі ЭПР анализі негізінде зерттеулер жүргізілді.
Отандық және шетелдік металл қорытпаларының физико-механикалық қасиеттерінің салыстырмалы анализі жүргізілді.
Қорытпалардың коррозияға қарсы қасиеттері және ауыз қуысының қышқылды-сілтілі ортасы PH-метрияны қолдана отырып зерттелді.
Металл қорытпаларынан жасалған импланттарды ақ тышқандарға енгізу және олардың ағзаға әсерін бірнеше айға созылған бақылау виварииде жүзеге асты. Ортопедиялық стоматология модулінің оқытушылары мен студенттерінің бірігіп, импланттарды ақ тышқандарға енгізу жұмысы үстінде.
Ортопедиялық стоматология модулінде «Әртүрлі тіс қатары ақауларының диагностикасы мен ортопедиялық емінің инновациялық әдістері » тақырыбындағы ҒТБ жұмысы жалғасуда. Жұмыс барысында экспериментальді зерттеу жұмыстары аяқталып, клиникалық зерттеу жұмыс жоспары іске асуда.