Наурыз мейрамы күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңаруы болып саналатындықтан 21 наурыздан бастап кіре бастайды. Наурыз – құнарлылық, достық пен махаббаттың белгісі. Шығыс халықтары үшін Наурыз Жаңа жыл болып есептеледі, негізінде екі мереке де жаңа өмірдің жыршысы болып саналады.
Наурызда мерекелік дастарқанда дәстүрлі тағам –наурыз көже қойылады. Бұл тағам жеті әртүрлі тағамдардан жасалады: ет, су, ұн, май, бидай, тұз және сүт.
Биофизика курсымен информатика кафедрасы Наурыз мерекесін Стоматология мектебінің СТ17-001 және СТ17-004 топтардың студенттерімен, тәлімгерлер Алмабаева Н.М., Абдрасилова В.О. басшылығымен, декан орынбасары Жексембиева А.Д., кафедра профессоры Адибаев Б.М. қатысуымен өткізді.
Наурыз мерекесін Қыдыр ата бата беріп ашса, студенттер ортаға шығып өз өнерлерін көрсетті: домбырада күй тартылды, өлеңдер айтылды, жыршылар жарысты, “төңгерілген суреттер” атты логикалық ойын және «асық ату», «қол күресі» ойындары көрсетілді. Сахналық көріністер, ұлттық би «қара жорға» да болды. Студенттерге жауабын ғана айтып қоймай олардың мағынасын ашып көрсетуді қажет ететін сөздер мен мақал-мәтелдер ұсынылды. Дұрыс айтылған жауаптар сыйлықтармен марапатталды.
Мереке соңында «Стоматология» мектебінің декан орынбасары Жексембиева А.Д. сөз сөйледі және мерекелік тағамдар тартылды.