23.02.2018 күні сағат 17.00 Стоматология мектебінің №5 жатақханасының оқу бөлмесінде биофизика курсының проф. Адибаев Б.М., аға оқыт. Алмабаева Н.М. және Умирбекова З.К. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы бойынша кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың жоспары бойынша студенттер дайындаған баяндамалар тыңдалды.
Бірінші баяндама 2018 жылға еліміздің дамуындағы негізгі басты бағыттарға арналды. Екінші баяндамада жолдаудың келесі бағыттары қарастырылды:
- Адами капитал – жаңғыру негізі: ақпараттық технологиялармен оқытылған, жасанды интеллект пен «үлкен мүмкіндіктері» бар жоғарғы оқу орындарын бітірушілер санын көбейту. Біздің қоғамның идеалы өзінің тарихын, тілін, мәдениетін, сонымен қатар замануи, шет тілдерін жетік меңгерген, озық ойлы қазақстандық болуы қажет.
- Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі: азаматтардың құқығын қорғайтын нормалар енгізілген.
- «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін: Астананың тәжірибесіне сүйене отырып, «Ақылды қала» стандартының «эталондық» стандартын қалыптастыру керек және Қазақстанның қалалары арасында тәжірибе алмасып, тәжірибе алмасуды бастау қажет.
Саяси тұрақтылық пен қоғамдық консенсустың арқасында Қазақстан экономикасы, саясаты мен санасын жаңғыртуға кірісті. Жаңа уақытқа сәйкес келетін адамдар төртінші индустриалды революция жағдайында тарихи көтерілудің алдында тұрып жатқан бір халық – бір ұлтқа бірігуі керек