Кафедрада Стоматология Мектебінің 2, 3, 4, 5 курстарын оқытады.
Ағымдағы жылы жаңа МЖБС-2017 бакалавриатқа арналған 6 жаңа пәндер, оның ішінде БПМ – «Ортопедиялық стоматология негіздері» және КПМ: «Окклюзия және жақ қызметі», «Алынбайтын протезбен емдеу», «Алмалы протезбен емдеу», «Клиникалық ортопедиялық стоматология» және «Жақ-бет протездеуі” және магистратураға арналған элективті пән ««Тіс жақ жүйесі ауруларын ортопедиялық емдеудің диагностикасы мен заманауи әдістері» енгізілді.
МЖБС-2017 сәйкес білім бағдарламасына байланысты негізгі мынадай құзыреттілікті дамытуға назар аударылды: білу және түсінуді қалыптастыру, білу және түсінуді қолдану, ой-пікірді қалыптастыру, дағдыларды өз бетінше оқу және коммуникативтік дағдыларды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы тәжірибелік және дәрістік сабақтарда оқытудың интерактивті әдісін белсенді қолданады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының күшімен ортопедиялық стоматология бөлімі бойынша оқу-әдістемелік құралдар мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленді, 2 электронды оқулық дайындалды. Барлық пән бойынша MCQ үлгісінде, оқу сағаттарының санына сәйкес тест түріндегі тапсырмалар жасалынып ағымды және қорытынды бақылауларға оңтайлы қолдануда.