С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректорат ғимаратының «Даңқ Залында» 22 қаңтар 2018 ж сағ 10.00-де өткізілді
Ұйымдастырушылар: «Нұр Отан» бастауыш партиясы мүшелері, стоматология мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Алғысөзді стоматология мектебінің деканы, м.ғ.к,доцент Б.А.Амантаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаудың маңыздылығына тоқталып Жоспар – нақты, міндет-айқын деп нақты атап өтті.
ҚазҰМУ-дың «Нұр Отан» бастауыш партиясының төрағасы м.ғ.д.профессор И.А.Құлманбетов Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі 2018 жылдың 9-шы қаңтарындағы Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталынуы 2015 жылғы Ұлт жоспары деп аталған-«Бес институттық реформаны іске асырудың 100 нақты қадамы» бойынша жүргізілген конституциялық реформа және елімізде басталған Үшінші жаңғырудың тікелей жалғасы деп атап өтіп
Баяндамашыларға сөз кезегін ұсынды:
- Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы М.А.Ғалым «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін» Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиістігін,ресурстық әлеуетті одан әрі дамытуды, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігін,Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды, Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізумен қаржы секторын «қайта жаңғырту» аясында баяндама жасады
- Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Ғ.Т.Рсалдина өз баяндамасында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің ұжымына жетінші міндет – Адами капитал – жаңғыру негізінен туындап отырған Жоғары білім беру ісіндежасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек.
Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажеттігін; жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиістігін; жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керектігін, әсіресе білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келдігін қолдай отырып, ат салысады
Медицина және жоғарғы оқу орындарына байланысты төмендегідей міндеттерді атап көрсетті:
Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.
Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс екендігін;
Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту қажеттілігін;
Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аударудың маңыздылығын;
Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажетттігін;
Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар, оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керектігін;
Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажеттігін;
Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етуді;
Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажетттігін қолдайды
Қорытынды сөз: ҚазҰМУ-дың «Нұр Отан» бастауыш партиясының төрағасы м.ғ.д.профессор И.А.Құлманбетов Елбасы тоқталған Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыруда ерекше тоқталатын мәселе: біріншіден, қоғамдық сананы өзгертудегі Рухани жаңғырудың негізі болып табылатын Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек екендігі
Екіншіден, өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар,патриоттық рухы жоғары болашақ кәсіби медициналық білімі бар мамандар қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс деп аяқтады.