2018 жылдың 04 сәуір күні Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен қалыптасқан дәстүр бойынша Университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және білім алушылары тәлімгерлерімен бірге М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрында «Үміт үзгім келмейді» қойылымын тамашалады.
Жазушы-ғалым, қойылым авторы Немат Келімбетовтың туған күніне орай сахналанған «Үміт үзгім келмейді» қойылымында басты рөлдегі егде тартқан төрт дос, төрт тағдырдың бақыт жайлы ойлары, өмірдің мәні туралы философиялық тұжырымдары мен пайымдаулары арқылы қазіргі қоғамда болып жатқан көкейкесті мәселелер алға тартылған. Тағылымы мол қойылым барлық көрерменнің көңілінен шықты.
Қойылым режиссерлері ҚР халық әртісі Е. Обаев және ҚР еңбек сіңірген әртісі Т. Аралбай. Қойылымның шынайы, әсерлі шығуына, театр актерлері Т. Аралбай, А. Бектемір, А. Сейтметов, Ж. Әміров, Ш. Аскарова актерлық шеберліктерімен бейнелеп, зор үлес қосқан.
Қойылым басында, білім алушылар 1968 жылы 24 мамырда ашылған М. Әуезов театрының музейін аралап, театр тарихымен таныстыратын 50000-нан астам экспонаттарды көрді. Барған адамдар саны -220.
Жалпы, уақыт тауып, өзімізді рухани тұрғыда байытып, көкірек көкжиектерімізді кеңейту үшін түрлі өнер ордаларына барып тұрғаны абзал.
Жастар саясаты басқармасы