Тәрбие жұмысы «ҚазҰМУ түлегінің тұлға ретіндегі қалыптасуының моделін» негізге ұстана отырып жүргізіледі. Болашақ дәрігердің құндылық бағдарлар жүйесінің жоғары мәдениет бағыты бойынша Стоматология мектебінің 1 курс студенттері тәлімгерлерімен бірге Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрына 04 – 05.04 күндері Жамбыл облыстық театры дайындап әкелген «Фараоны», «Беда от нежного сердца» қойылымдарын тамашалады. Студенттер өмірден алынып жазылған қойылымдардан үлкен әсер алды.