Іс-шараға Алмалы ауданы учаскелік полиция қызметкері Еркінұлы Елтай, Студенттерді дамыту және қорғау орталығының басшысы Шерзат Розметұлы , ҚазҰМУ заңгері Бегімбаева Аида ханым қатысып, 5 курс студенттері баяндама жасады. Кездесу барысында студенттерге құқықтық сауаттылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, заң бұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды. Іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға бағытталды.









