«Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
06.11.14 күні М.Маметова атындағы №1 аудиторияда «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында іс – шара факультет көлемінде өтті. Шараны «Мед.биофизика және биостатистика» модулінің профессоры Б.М.Адибаев, аға оқытушы Н.М.Алмабаева және оқытушы Н.С.Ахтаева ұйымдастырды. Мерекелік шараға қатысқан кеш қонақтары жастарға өмір жолдары мен соқпақтары туралы айтып берді. Кеште студенттер өз өнерлерін (би, өлең, ән) көрсетті. Кеш соңында ардақты да, ұлағатты ұстаздар жастарға бата берді.
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін,
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін !!!