27.02 және 03.03.2026 күндері «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының асс.профессорлары Алмабаева Н.М., В.О. Абдрасилова және тәлімгерлік Мед25-017к, 018к және Мед25-019к, 020к топтар студенттері «Абайдың «Толық адам» концепциясы» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізді.
Абайдың «Толық адам» ілімі студенттерге рухани-адамгершілік қасиеттерді (ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек) тең ұстауды үйретіп, білім мен ғылымды ізгілікке бағыттауға, жауапкершілігі жоғары, адал әрі кемел тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Бұл ілім студенттердің санасын жаңғыртып, рухани азық береді.
Пікір-талас барысында студенттер ойларымен бөлісті. Толық адам болып қалыптасу үшін қай қабілетін дамытып, қай әлсіздігін жеңу қажеттігін анықтады.
Қорыта айтқанда, бұл ілім студенттерді тек маман емес, сонымен бірге адами қасиеті жоғары «кемел адам» болуға баулиды.









