Бөлім туралы

Кафедра 1931 жылы құрылды. Негізін қалаушы С.Ж. Асфендияров. 2018 жылдан бастап кафедра меңгерушісі міндетін атқарушы әлеуметтану ғылымдарының  кандидаты, доцент Нагайбаева З.А.

Кафедрада 5 пән оқытылады: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану. Кафедраның  ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысының жетістіктері:  6 монография, 4 оқулық және 27 оқу-әдістемелік құралдар, 700 ғылыми мақалалар, соның ішінде импакт фактормен  22 халықаралық мақала жарияланды.  11 кандидаттық диссертация 1 докторлық диссертация қорғалды.

Кафедраның поофессорлық – оқытушылық құрамы «Түркітану», «С.Ж.Асфендияров» туралы ғылыми жобалар өткізді. Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметкерлерінің ғылыми әдістемелік мәселелері, әлеуметтік – саяси қайта құрулардың танымдық негіздерін талдау және жаһандану жағдайында гуманистік  дүниетанымдық құндылықтарды қалыптастыру және сақтау болып табылады. Студенттердің  «Ибн Сина»  ғылыми үйірмесі белсенді жұмыс істейді.

Кафедраның профессорлық -оқытушылық құрамы 11 адамнан тұрады, оның ішінде3 кандидат наук және 1 PhD доктор.