Стоматология факультетінің студенттік үкіметі Ақанов Айқан Ақанұлымен кездесу өткізді
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні стоматология факультетінің студенттік үкіметі университет ректоры,денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының докторы,профессор,ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Мәдениет» қайраткері Ақанов Айқан Ақанұлымен “Галcтуксіз кездесу” өткізді.Факультет белсенділері ақ дастархан жайып,дайындалды.Кездесуге Стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы қатысты. Кездесудің мақсаты Айқан Ақанұлын басқада қырларынан танып біліп,ақыл кеңесін алу еді.Кездесу барысында […]

