9 қаңтар 2023 жылы Стоматология мектебінің 1-2 курс студенттерімен онлайн- Webex платформасында «ЖОО-да психологиялық қызметінің рөлі» атты тақырыпта психолог маман – Коммуникативті дағдылар кафедрасының лекторы Құдайбергенова Айжан Жақанбайқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында психологиялық көмек сұраған тұлғаға оның мәселесін шешуде, маңызды шешімдер қабылдау, туындаған мәселелерді шешу, қойылған мақсатқа жету, өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру үшін өзін-өзі ұстаудың үлгісін сезінуде және өзгертуде көмек көрсету туралы әңгіме өрбіді. Қорытындылай келе, Егерде көмек немесе қолдау, достық түсіністік немесе кәсіби кеңестер қажет болса өз сұрақтарыңызға жауап бере алатыны, құпиялылық ұстанымы сақталатыны айтылды.