8 желтоқсан 2018 жылы сағат 15.00-да «АҚ ҰМУ» №1 жатақханасында «Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
1. Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық проблемаларының алдын алу.
2. Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық проблемаларының денсаулыққа зиян екендігін түсіндіру.
Аталған іс-шараға барлық мектептерден 40 студент қатыстырылды.
Оқытушылар мен студенттер спорттың денсаулыққа пайдалы екенін және есірткінің зияндығының көп екенін айта келе, осы тақырыптарда сұрақ-жауап, әңгімелер өрбітілді.
Жауапты оқытушылар: аға оқытушы Джакипбаева Р.А., аға оқытушы Камбарова А.Ж., оқытушы Сулейменова А.В.