С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ «ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»

2018 жылы 29 қараша күні: Стоматология мектебі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Г.Т. Рсалдина, оқытушы Мәлік Ғалым, оқытушы Г.А.Турсынбекова С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің №5 студенттер үйінде 1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты «дөгелек үстел» өткізді
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Г.Т. Рсалдина алғы сөзінде Қазақстан Республикасы Парламантінің 2011 жылдың қараша айында 1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні деп аталынып өту туралы қаулы қабылданды. Шынымен 1991 жылдың 1-ші желтоқсанында Тәуелсіз Қазақстанның Президенттігіне сайлау өткізіліп, онда 98,2% дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президенттікке сайланды. Тәуелсіздігіміздің 27 жылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа ұсынған стратегиялық бағдарламалары жүзеге асырылуда. Нақты айтар болсақ экономилық өсім, ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, ұлттық қауіпсіздік, «Мәдени мұра» бағдарламасы, әсіресе жастарға деген үлкен қолдауы халықаралық «Болашақ» шәкіртақы, Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектептердің ашылуы, жылсайынғы Жолдаулары.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Мәлік Ғалым өз презентациясында Президент Күнін атап өту әлем тарихында қалай қалыптасқандығында толық мағлұмат берді.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Г.А.Турсынбекова дөнгелек үстелді қорытындылай келе,бұл шара 2012 жылдан бастап Тұңғыш Президент күнін атап өту Республика көлемінде, әсіресе ЖОО-да жоғарғы деңгейде аталып өтілуде. Студенттер бұл күні Елбасына арналған оздерінің төл шығарамаларын, патриоттық ән-күйлерін ортаға тарту етуде. Бүгінгі атқарылған іс-шара солардың бір дәлелі.