ТІЛЕРІМ МЕНІҢ ЖЕҢІС КҮН!!

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан ұшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар – ошарсыз кетті.

Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 – ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.

Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі –қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айыбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді.

Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз.

Міне, біз сол тамаша Жеңістің 73 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.

Биофизика курсымен Информатика кафедрасы:

Жауапты оқутышылар:кафедра меңгерушісі,доцент Әжібекова Ж.Ж.,доцент Шадинова К.С.,аға оқутышы Бикенаева Қ.С.