Дене шынықтыру кафедрасының Тәрбие жұмысы бойынша есебі

22 қыркүйек 2018 жылы сағат 11.00-да №1 жатақхананың оқу залында «Алматы қала күніне арналған мереке семинар» атты тақырыпта арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Алматы қаласының тарихын білу, ұлтжандылық пен құрметтеуді қалыптастыру . Аталған іс-шараға барлық факультеттен 50 студент қатыстырылды. Іс-шарада «Алматы қала күніне арналған мереке семинар» атты тақырыпқа байланысты түрлі суреттер ілінді. Сонымен қатар, студенттер Алматы қаласы жайлы өлеңдер, арнаулар оқыды, күйлер шертілді.

Жауапты оқытушылар: доцент Фадеева О.Ю., аға оқытушы Жаксылыкова К.С., аға оқытушы Самойленко А.Н.

Дене шынықтыру кафедрасының

меңгерушісі, п.ғ.к., доцент О.Ю.Фадеева