«Жемқорлыққа – жол жоқ»

21 сәуір 2018 жылы, сағат 12.30-да ҚазҰМУ спорттық  кешенінде  «Жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: 1. Жемқорлық жайында түсінік. 2. Жемқорлықпен күресуге шақыру. 3. Жемқорлықтың себеп-салдарын талқылау.

Дөңгелек үстелге жалпы медицина мектебінің студенттері, фармация мектебінің студенттері, стоматология мектебінің студенттері,  Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері қатысты.

Жалпы қатысқан студенттер саны – 80 студент.

Студенттер жемқорлық тақырыбына байланысты  баяндамалар оқыды. Кафедраның тәрбие жұмысы бойынша жауапты аға оқытушы Жаксылыкова К.С. «Жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында баяндама оқыды.  Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында  жемқорлық тақырыбында көрініс қойылды, сұрақ-жауап, әңгімелер айтылды.

Жауапты оқытушылар:  аға оқытушы Самойленко А.Н., оқытушы Искаков М.Е., оқытушы Китапиянов А.Д.