Қазақ партизанының майдан даласындағы ерліктері

Сәуір айында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінде “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру” атты бағдарламасына орай “Қазақ партизанының майдан даласындағы ерліктері ” атты тәрбиелік-танымдық іс- шара өтті.

Шараны университеттің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы оқытушылары: С.А.Жолдыбаева, Н.К.Дюсенова, С.М.Ильгидаева стоматология мектебінің І курс студенттерімен ұйымдастырды. Алғы сөзді стоматология мектебінің декан орынбасары Скакова Ұлпан Төлеуханқызы ашып іс шараның маңыздылығына тоқталды. Келесі сөз кезегін кафедра оқытушысы Б.Маликов жалғастырып, Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың үлесіне тоқтай келе, Қ.Қайсеновтың ерліктерінен мағлұмат берді.

Стоматология мектебінің І курс студенттері: А.Балтабаева және О.Мухашов Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған кештің модераторлары болды. Жүргізушілер аты аңызға айналған халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, партизан жайлы сөз қозғады. «Бір қарасаң Қасым, жаны нәзік жауқазын, бір қарасаң Қасым, балқымайтын қорғасын» деген өлең жолдарымен толықтырып отырды.

Студент К.Байсерік “Ерке сылқым” күйін тартса, Т.Жасұланқызы А. Абдуллиннің “Қасым ата” жырын оқыды. Сонымен қатар, тыңдармандарға тақырыпқа сәйкес викториналық “сұрақ-жауап” байқауы өткізілді. Кешімізге келген студенттер де, қонақтар да өз білімдерін көрсетті. Кештің соңына қарай Қасым Қайсеновтың телеарна арқылы берген жеке естелік сұхбаты тамашаланды.

Кештің басты мақсаты – тарихта ізі өшпейтін дара тұлға иесі Қасым Қайсеновты еске алу арқылы жастардың бойында патриоттық , отаншылдық сезімді қалыптастыру болатын. Сол себепті, кеш өз мақсатына жетіп, қатысушылар әсерлі тарқасты.

 

 

Балтабаева Жанель

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

стоматология мектебінің І курс студенті