«Биофизика курсымен информатика» кафедрасының кураторлары Алмабаева Н.М., Умирбекова З.К. және Стоматология мектебінің СТ19-001,002 топ студенттері Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «әл-Фараби-шығыс жұлдызы» тақырыбында 10.05.20 күні әңгіме-сұхбат онлайн түрде ұйымдастырды. Бұл шараға Жастар саясаты басқармасының бас маманы Жармағанбет Р.У. қатысты.
Студенттер Әл-Фараби бабамыздың медицина ғылымына қосқан үлесі мен «Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы», т.б еңбектеріне тоқталды. Ол медицинаның тек аурулардың себептерін анықтаумен ғана емес, адам денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою шараларын да өз жазбаларында қалдырған. Сонымен қатар студенттер Әл-Фарабидің медицина тақырыбындағы қолжазбаларындағы адам ағзасына қажетті пайдалы кеңестері мен дұрыс тамақтанудың шарттарына да айтып өтті. Адамзат баласының игілігі үшін медицина саласының маңызы зор. Бүгінде заманауи технологиялардың арқасында бұл саланың жаңалықтары да күн санап артып келеді. Бұған дейін әлемде көптеген ғалымдар осы саланың адам баласына пайдасын тигізуі үшін маңдай терін төгіп, өз үлестерін қосқанын тарихтан білеміз. Сол ғұламалардың ішінде әлемнің екінші ұстазы саналатын Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың орны бөлек. Ғұламаның медицина саласында қалдырған мұралары келер ұрпақ үшін маңыздылығы жоғары екендігін білеміз.
Елімізде ең басты құндылық – адам болғандықтан, адам өмірінің мәні мықты да салауатты денсаулықта. Сондықтан, болашақ дәрігер ретінде салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.