Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Жалпы медицина, Стоматология мектептерінің студенттеріне тәрбие мен ғылыми жұмыстары бойынша жетекшелік етеді. Жыл сайын факультет және университет деңгейіңде іс-шаралар өткізіледі, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, конкурстар және ұлттық мерекелерге арналған концерттер өткізуге ат салысады.
С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ-нің Стоматология мектебінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының әлеуметтік-
тәрбие жұмысы бойынша 2017 – 2018 жылдарға арналған өткізілетін іс-
шараларының жоспары
№ | Іс-шара атауы
| Уақыты (айы-күні)
| Өткізілетін орны | Ұйымның атауы
| Жауапты оқытушылар
| Байланыс телефондары |
1 | «Мәңгілік Ел- ұлт, ел ертеңі»
| 24.10.2017 | Даңқ Залы | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Рсалдина Г.Т Турсынбекова Г Жусупова К.Н | +77772141029 |
2 | «Қазақ философиясы-рухани жаңғырудың тұғыры ретінде» Всемирный день философии | 24.11.2017 | Богенбай батыра көш., 152. 506 ауд. | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Бисембаева З.У., Абдразакова Н.А., Сембаева М.М | +770746028 08 |
3 | «100лет движению Алаш» Круглый стол. В рамках НИРС | 05.12.2017 | Зал Славы | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Дюсенова Н.К., Жодыбаева С.А., Ильгидаева С.М. | +777783698747 |
4 | «Шоқан Уәлиханов: халыққа қызмет етудің үздік үлгісі » Дөңгелек үстел | 13.02.2018 | Даңқ Залы | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Тулентаева К.А. Бейсембина Р.И. Доскалиева М.А. | +7778 36987 47 |
5 | «Туған өлке-патриотизм бастауы» | 26.03.2018 | Даңқ Залы | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Дюсенова Н.К., Кодекова Г.С Доскалиева М.А | +7 70746028 08 |
6 | ҚР президентінің «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» баяндамасы аясында Қазақстан Президенті сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Бейсен Құранбекпен кездесу | 20.04.2018 | Даңқ Залы | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Бисембаева З.У., Абдразакова Н.А., Сембаева М.М | +7 777 3793329 |
7 | «Рухани жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Дөңгелек үстел
| 18.05.2018 | Богенбай батыр көш 152. 506 ауд. | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Рсалдина Г.Т Турсынбекова Г Жусупова К.Н | +77772141029 |
8 | 4-мамыр Мемлекеттік рәміздер күні (тәрбие жұмысы) | 02.06.2018 | Богенбай батыр көш 152. 506 ауд. | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Рсалдина Г.Т Турсынбекова Г Жусупова К.Н | +77772141029 |
9 | «Коррупцияға жол жоқ» Дөңгелек үстел | 14.05.2017 | Богенбай батыр көш 152. 506 ауд. | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Кафедра оқытушылары | – |
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» 3-тілділік заман талабы (план. тыс) | 9.02.2018 | Богенбай батыр көш 152. 506 ауд. | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Рсалдина Г.Т Турсынбекова Г Жусупова К.Н | +77772141029 | |
9 | Дөңгелек үстел. Ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туылғанына 160 жыл толуына байланысты Тәрбие жұмысы бойынша (план тыс ) | 16.03.2018 | Бөгенбай батыр көшесі, 152. 506 ауд. | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Бисембаева З.У Абдразакова Н.А. Сембаева М.М | +7777 37933 29 |
10 | Рухани жаңғыру –мәдениеттіліктің бастауы» Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында елімізге белгілі спорт саңлағымен кездесу (план. тыс) | 10.04.2018 | Богенбай батыр көш 152. 506 ауд. | Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы | Дюсенова Н.К., Жодыбаева С.А., Ильгидаева С.М. | +7 70746028 08 |
«Асфендияровмұрасы» атты тарих пәнін ининтеллектуалды олимпиада
Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Рухани қазына – болашақ тұғыры» жобасы аясында 2019 жылы 04 желтоқсан күні Санжар Асфендияровтың туғанына 130 жыл толуына орай Жастар саясаты басқармасы, Стоматология мектебі мен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Асфендияров мұрасы» атты тарих пәнінен интеллектуалды олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға университетініміздің Стоматология, Фармация, Жалпы медицина, Педиатрия мектептері мен Халықаралық медицина факультетінің студенттері қатысып Санжар Асфендияровтың өмірі мен еңбек жолы туралы жоғары білімдерін көрсетті.
Олимпиада 5 кезеңнен тұрды:
І – кезеңде «Сәлемдесуде» командалар алдын-ала дайындалған бейнероликтер арқылы өздерін таныстырды. ІІ – кезеңде «Көкпар» қатысушылар ұяқшықтағы сұрақтарды таңдап, оған жауап берді. ІІІ – кезеңде «Полиглот» 3 тілді меңгергені туралы көрсету керек болған. IV – кезеңде «Шешендік» шеберлік сайысы болса, V– кезең «Жорғада» қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек болды.
Интеллектуалды олимпиаданың нәтижесі бойынша І – орынды: Жалпы медицина мектебінің студенттерінен Бақытов Ербек, Рахметуллаева Аймереке, Жолдас Динара, Тлегенов Акбота, Мұратқызы Ұлпан тұратын «Алаш ұрпақтары» командасы иемденді. ІІ – орынды Амангельді Жасұлан, Мишра Лакшми, Абикенова Жанель, Асанова Анэля, Аубакиров Әділжан Халықаралық медицина мектебінің студенттерінен құралған «Миллениум» тобы, ал ІІІ – орынды Педиатрия мектебінің студенттері Амангелдиева Салима, Күнжан Азиза, Орынтай Айша-бибі, Сәрсенқызы Әзізә, Фархатова Лейладан құралған «Эверест» тобы иемденді.
Іс-шараның соңында стоматология мектебінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Б.А.Амантаев сөз сөйлеп, студенттердің білімділігі мен дайындығына жоғары баға берді. Келесі кезекте сөз алған Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы меңгерушісінің м.а. З.А.Нагайбаева студенттерге олимпиадаға қатысып, белсенділік көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Студенттер кубок және сертификаттармен марапатталды.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ «ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»
2019 жылы 29 қараша күні: Стоматология мектебі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының м.а доцент З.А.Нагайбаева, доцент З.У. Бейсембаева, лектор С. Турсунбаева және ассистент Мәлік Г.А., С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің№5 студенттер үйінде 1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты «дөгелек үстел» өткізді
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті м.а доцент З.А. Нагайбаева алғы сөзінде Қазақстан Республикасы Парламантінің 2011 жылдың қараша айында 1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні деп аталынып өту туралы қаулы қабылданды. Шынымен 1991 жылдың 1-ші желтоқсанында Тәуелсіз Қазақстанның Президенттігіне сайлау өткізіліп, онда 98,2% дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президенттікке сайланды. Тәуелсіздігіміздің 27 жылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа ұсынған стратегиялық бағдарламалары жүзеге асырылуда. Нақты айтар болсақ экономилық өсім, ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, ұлттық қауіпсіздік, «Мәдени мұра» бағдарламасы, әсіресе жастарға деген үлкен қолдауы халықаралық «Болашақ» шәкіртақы, Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектептердің ашылуы, жылсайынғы Жолдаулары.
Келескі кезекте доцент З.У. Бейсембаева бүл күннің маңызды екендігін атап Еліміздің бірлігімен татулығын қамтамасыз еткен және тәуелсідік алған күнен бастап ынтымақтастық саясатын жүргізген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолын баяндап берді.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Мәлік Ғалым презентация дайындап Президент Күнін атап өту әлем тарихында қалай қалыптасқандығында толық мағлұмат берді.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының лекторы С. Турсунбаева дөнгелек үстелді қорытындылай келе, бұл шара 2012 жылдан бастап Тұңғыш Президент күнін атап өтуде Республика көлемінде, жоғарғы деңгейде аталып өтілуде. Студенттер бұл күні Елбасына арналған өздерінің төл шығарамаларын, ортаға тарту етті.
2019 ж. 9 желтоқсанда өткен 1 желтоқсан – президент және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күндеріне арналған куратор сағат өткізілді
Стоматология мектебінің 19-006 тобының тыңдаушылары ҚР тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсан мемлекеттік мейрамы туралы мәліметтермен,Елбасының өмірі және қызметімен таныстырылды.
Сонымен қатар 1991 жылғы 16 желтоқсан Президент Н.Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздік күні туралы да айтылды.
Бұл күнге қол жеткізу үшін қиыншылықтарды жеңіп, елдің гүлденуіне, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбектену және оған білім арқылы жетуге болатындығы туралы сөз қозғалды. Бүгінгі күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу –жас буынның бағыты болуы тиіс деген қорытынды жасалды.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы«Саналы ұрпақ» бағдарламасы аясында «Жемқорлыққа жол жоқ!» – атты іс-шара
2019 жылықараша айының 22 күні де «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында студенттермен дөңгелек отырыс өтті. Мақсаты: студенттерге адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері ашу бір жағынан; дүниетанымдары кеңейеді;Патриоттық тәрбие қалыптасады.Дөңгелек үстелде кафедрамыздың ардагер ұстаздары З.У. Бейсембаевақатысып алғашқы сөзді алып, студенттерге ашып берді.
Сөз алған З.У. Бейсембаева: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ “corrumpire” түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу
Дөңгелек үстелде сөз алған топ жетекшісі студенті Тұрар Ақерке баяндамасын алып шығып: Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз –деп өз ойын ортаға салды.
Студенттер ортаға салған сұрақтарын, өз ойларын ашық айтып талқыланды:Жемқорлыққа мыналар жата ма?
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі – бір сыйлықты ( гүл, сағат,
портрет…..) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
4.Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті – үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)
Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой – пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.