Курста белсенді түрде СҒЖ жұмыс жасайды. Үйірме жасалынған жоспар бойынша жұмыс атқарады. Студенттердің ғылыми жұмыстары негізін медициналық биофизика және медицинадағы математикалық статистика құрайды. Жыл сайын студенттер ғылыми жұмыстары бойынша түрлі конференцияларға қатысып отырады. Халықаралық сырттай ғылыми-практикалық конференцияларда курс оқытушылардың жетекшілігімен студенттің жұмысы баспаға шығарылады (Мәскеу қ.). ПОҚ және студенттердің ғылыми жұмыстарының көрінісі халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарынан көрініс табады. Жыл сайын біздің студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткізілетін «Фараби әлемі» конференциясына қатысып грамоталар мен сертификаттар алады, осы жылғы физикадан Республикалық олимпиадаға 9 студент және шахматтан турнирге 11 студент қатысты. Жоғары оқу орындары арасындағы физикадан олимпиадаға «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандығының 6 студенті қатысып, оның 2-уі жүлделі орындарды иеленді. СҒЗЖ бойынша кафедрада өткізілген ғылыми жұмыстардың 1-турынан өтіп, жүлделі орын алған студенттер университет деңгейінде өткізілетін студенттердің ғылыми жұмысы бойынша 2- турға өтеді.