19.10.2012 күні біз қос қуаныштың күәсі болдық.Оның бірі биыл күрделі жөндеуден өткен,және жаңа атқа ие болған «Конкордия» театрының салтанатты түрде ашылу болса,екіншісі ҚазҰМУ-ның Бақылау кеңесінің төрағасы,Тамақтану Академиясының Президенті Шарманов Төрегелді Шарманұлының « Алматы қаласының құрметті азаматы» атағына ие болуы.
Театрдың лентасын қию рәсімін Төрегелді Шарманов пен Айқан Ақанұлы жүргізді.
Жиын барысында ректорымыз Ақанов Айқан Ақанұлы құттықтау сөз сөз сөйлеп,жиынды ашып берді.
Бұл салтанатты жиынға арнайы Алматы қаласының әкімінің орынбасары Сейдуманов Серік Думанұлы келіп,марапаттау рәсімін жүргізді.Төрегелді Шарманов ортаға шығып,өзінің ризашылығын жеткізді.
Салтанатты жиын алдында біз Төрегелді ағамызбен сұхбаттасқан болатынбыз. «Бүгінгі күннен қандай әсерде тұрсыз?» дегенімізде:
«Әсер ерекше, әсер қуаныш сезімін тудырады.Әсер адамның көңілін қуантып,еңсесін көтеретіді. Театр жай ғана театр емес!Бұл орта, үлкен орта.Жақсылық ортасын кеңестіретін жер. Сондықтанда, осындай жақсылық ортасын кеңестіру әркімнің қолынан келе бермейді.
Университеттің ректоры, оның командасы осындай жағдайды бүкіл жастардың болашағы үшін жасап отыр.
Әр уақытта болашақ көркейіп отвру керек.Көркеймеген болашақ болашақ емес!Жалпы алғанда бұл Асфендияров университетінің ғана ортасы болмайды,бұл бүкіл қаланың,бүкіл Қазақстанның көрінісі болады деп есептеймін.»
«Жастарға деген тілегіңіз болса»,
«Жастарға айтар тілегім, мақсаттары әр уақытты биік болсын!Әр уақытта жақсылық жасап отырсын!Сендер дәрігерсіңдер!Сендер сену үшін жұмыс жасауларың қажет. Сендер өздеріңе сенсеңдер сендер мықтысыңдар!»
Төрегелді ағамыздың жүріп өткен жолдары, еткен еңбектері жайлы түсірілген бейнебаянды тамашаладық.
Әрмен қарай біз салтанатты жиынға арнайы келген Қазақ Ұлттық Құрманғазы атындағы консерваториясының ұлт-аспаптар оркестрінің концерттік бағдарламасын тамашаладық.
Бұл жиыннан студенттеріміз ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Стоматология факультетінің 1 курс студенті,Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара.