23.09.2012 күні Стоматология факультетінің №5 жатақханасының студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен №5 жатақханада «Ең үздік аспазшы» атты көңілді сайыс болып өтті. Бұл сайысқа жатақхана тұрғындарынан 3 топ атсалысып қатысты. Әр топ құрамында 4 студенттен болды.
Бірінші топ: стоматология факультетінің 2 курс студенттерінен құралған «Сиқырлы аспазшы қыздар»: Халикова Айдана, Абдуллаева Дильноза, Акимжан Балжан, Тұлеумбетова Гаухар,
Екінші топ: стоматология факультетінің 1 курс студенттерінен құралған «Стом аспаздары»: Төлеген Аида,Ташкенбаева Динара, Мулаташев Шерзод, Жантаев Әділ,
Үшінші топ: стоматология факультетінің 1 курс студенттерінен құралған «Болашақ стоматологтар»: Ермек Динара, Бермұханова Сымбат, Жолшибекова Әсел, Жакудаева Динара.
Сайыс ережесі бойынша әр топ бір ыстық тағам, көкөніс салатын және жеміс салатын әзірлеу керек болатын. Әр топ өзіндік фантазиясымен, ерекше тағамдарын әзірлеп, өз өнерлерін ортаға салды. Студенттер тек білімді ғана емес, жан-жақты белсенді екендерін баршаға дәләлдеді.
Сайыс өте жоғары дәрежеде әрі тартысты болып өтті. Бір-бірінен өткен алуан түрлі, дәмі тіл үйіретін тағамдар әзірленді.
Қазылар алқасының мүшелері:
- Стоматология факультетінің деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Сайфутдинқызы,
- №5 жатақхана әкімшілігі құрамынан: Абдильдинова Бақытжамал, Чихонадская Галина
Студенттер деканы Исабекова Самал әр топқа үлкен алғысын білдіріп, үздіктерді анықтады.
Сонымен сайыс жеңімпаздары деп 2 курс студенттерінен құралған «Сиқырлы аспазшы қыздар» тобы танылды. 2 орынды 1 курс студенттері «Стом аспаздары» тобы қанжығасына байласа, 3 орынды «Болашақ стоматологтар» қанағат тұтты.
Жеңімпаз қатысушыларға жатақхана тұрғындарының атынан сыйлықтар табысталды.
Сайыс соңында қазылар алқасы және көрермендер дәмді тағамдардан дәм татып, өз ризашылықтарын білдірді.
Мақаланы дайындаған: № 5 жатақханасының студенттік кеңесінің Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы.